"Орамалын тағып, хиджабын киіп алып, камераның алдында несіне шартаңдап жүр": Жақында сәбилі болған Айдана Меденова қатаң сынның астында қалды

Көпшілікке әншінің жүкті күйінде, орамалмен фотосессия ұйымдастырғаны ұнамаған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

Естеріңізде болса, Айдана Меденова былтырғы жылы орамал тағып, хиджабқа келген болатын. Сонымен бірге ол, үшінші сәбиін дүниеге әкеліп, көппен қуанышты жаңалығымен бөліскен еді. 

Әнші жүктілік кезін есте сақтап қалу мақсатында, фотосессия ұйымдастырған. Желі қолданушыларына оның орамал тағып, камера алдында "шартаңдап" фотоға түскені ұнамаған. 

"Не істеп жүр орамалмен?", "Білуімше, хиджабқа келгендер қарапайым болу керек, мынадай баттастырған макияж пен орамал түк жараспайды екен", "Ақыры орамалға келгені бар, шартаңдап, камера алдында майысқаны несі" деп сынап тастады көпшілік.