Ораза айт мерекесіне орай Астанада ұлттық ойындар сайысы өтеді


ересектер мен жастар арасында ұлттық ойындардан жарыс өткізілмек, деп хабарланған «Нұр Астана» мешітінің Фейсбук әлеуметтік желісіндегі парақшасында. 

Атап айтқанда, қатысушылар қол күресі, тоғызқұмалақ, кір тасын көтеру, арқан тарту, асық ату тәрізді ойындарда өз бақтарын сынай алады. 
Шараны 17 шілде күні сағат 14.00-де «Нұр Астана» мешіті өткізеді. 
«Сонымен қатар мерекелік іс-шаралар өтеді және жеңімпаздарға арнайы бағалы сыйлықтар бар» делінген хабарламада.