Өңірдегі діндарлар бұлай бірінші рет бас қосып отыр. Қала мен әр ауданнан, тіпті шалғайдағы ауылдардан ат терлетіп келген молдалар да бар. Барлығы бүгін шәриғаттың шарттарын қаншалықты білетіндерін пысықтап, бір-бірімен сұхбаттасып, арқа-жарқа болып қалды. Ораза айында жамағатқа қандай уағыз айтылуы керектігі және күмәнді ниетті көздейтін діни ағымдарға қалай тосқауыл қоюға болатыны туралы тың дәрістер тыңдалды.
Рауан Махмұтов, Өскемен қалалық мешітінің бас имамы:
-Пайғамбарымыздың айтқан сөзі бар ғой, «тал бесіктен жер бесікке дейін білім талап етіңіздер» деген. Рамазанның отыз күнінде осы алған білімімізді, оқып үйренгенімізді жамағатқа жеткізу пайдалы болады деп ойлаймыз.