Оразаны бұзатын 6 нәрсе


6. ЕТЕККІР (ХАЙЗ) ЖӘНЕ БОСАНҒАННАН КЕЙІН КЕЛЕТІН ҚАН (НИФАС) КЕЗІНДЕ ОРАЗА БҰЗЫЛАДЫ.
Егер ораза кезінде әйел кісінің етеккірі (хайз) келсе немесе босанудан соңғы қансырауы (нифас) басталса, онда ол оразасын тоқтатуға міндетті. Мұндай жағдайда ораза ұстауға тыйым салынғандығына және ораза жарамсыз екеніне ғалымдар арасында келіспеушіліктер жоқ. Күндіз етеккірі қай уақытта келіп қалғанына қарамастан оразасы бұзылады. Тіпті, ауызашарға аз уақыт қалған болса да ол кісі сол күннің қазасын өтейді.