Мақпал Жүнісованың әніне түсірілген бейнебаян белгілі бір бағдарламадан көрсетілуі тиіс болатын. Алайда ол уақытта әнші орындаған саундтректің монтажы әлі бітпеген екен. Сол себепті әлгі бағдарламаға Сиви мен Ринат дайын тұрған саундтректі ала барған. Ол Гүлнұр Оразымбетова мен «Саламат» тобы орындаған ән болатын.
«Мақпал апай екеуіміздің арамызда өкінішті жағдай орын алды. Ол кісіге «Сіздің орындауыңыздағы саундтрек бастысы болып қалады» деп айтылған. Яғни не себепті ашуланғанын түсінуге болады. Бастапқыда Мақпал апайды таңдадыңыздар ма, сол бағытты соңына дейін ұстаныңыздар! Мен кінәлі болмасам да, көрермен мен тыңдарман тарапынан дөрекі сөздер естідім. Роза апай мен Мақпал апай – үлкен тұлға. Ол кісілерді мен соңғы демім қалғанша қадірлеп, құрметтеймін. Мен әнді арнайы берген жоқпын», – дейді Гүлнұр Оразымбетова.