“Орда” тобының әншісі Жанболат шаңырақ көтерді

Ағайындылар үнемі жұртты таң қалдырып, ерекше әсер қалдыруды ұнатады. Бұл жолы да Жанболат мырза тойын 90-ж стилінде өткізіп, келген қонақтарды қайран қалдырды. Әзірге қалыңдықтың есімі Жұпар екені ғана белгілі.

Әнші әдеттегі баннердің орнына кілем ілуді жөн көрген. Аталған кілемге есімдерін мақтамен жазуды да ұмытпаған. Жас жұбайларды құттықтауға тек туған-туысқандары ғана емес, өнердегі достары да келген. Олардың қатарында Мәдина Сәдуақасова да бар.

“Бүгін Беделхановтар отбасында той! Әбден билеп алдық. Ерболат, тойларың құтты болсын! Ендігі кезек сенде, Есболат!” – дейді Мәдина Сәдуақасова.


Ағайындылардың қуанышын тыңдармандары да бөлісуге асықты. Олар да өз кезегінде ақ тілектерін жаудырды.