Бұл туралы Sputnik хабарлады.
"Астана" Шымкенттегі біріншіліктің алғашқы матчына еңсесі түсіп барған еді: демалыс күндері Қазақстанның суперкубогі үшін болған матчта алматылық "Қайраттан" 0:2 есебімен ұтылған болатын.
Ал бұл матчта есеп он бесінші минутты ашылды. "Ордабасы" хавбегі Мардан Төленбеков айып алаңынан гол соқты. 75-ші минутта жартылай қорғаушы Азат Нұрғалиев өзінің бұрынғы командасына гол салса, осы ойындағы соңғы голды 89-шы минутта "Ордабасы" футболшысы Абдулайе Диакате қарсыластар қақпасына тоғытты.
Ең қызығы, Қазақстан премьер-лигасы басталғалы алғашқы ойыннан соң "Астана" 12-орында тұр. "Тобыл", "Ордабасы", "Ертіс" және "Қайрат" командалары көш бастауға әбден лайықты көрінеді. Келесі турды "Астана" 12 наурызда Павлодар қаласында "Ертіске" қарсы өткізеді.