"Ордабасы" футбол клубы халықаралық турнирде Бухарестің «Рапидіне» есе жіберді


Онда "А" тобындағы өнер көрсетіп жатқан Шымкенттің "Ордабасы" футбол клубы кеше Румынияның Бухарест қаласының («Рапид»), аяқдопшлыарына 2:4 есебімен есе жіберді. Бүгін олар енді Латвияның Даугавпилс қаласының «Даугава» футболшыларымен күш сынасады. Бұған дейін олар алғашық ойында Шешенстанның Грозный қаласының «Терек» командасына 0:1 есебімен ұтылған еді. Қазір турнир кестесінде 6 ұпаймен «Терек» пен «Рапид» көш бастап келеді. Ал «Ордабасы «мен «Даунаваның» қоржыны әзірге бос. Сондықтан бүгінгі ойында олар бір-бірінен ұпай алу үшін барлық күш-жігерін жұмылдыруға тырысады. Латвиялықтар бұған дейін шешендерге 0:3, ал румындарға 1:3 есебімен ұтылған еді. Енді 3-ақпанда топтық кезеңнің жеңімпаздары 1-орынға, ал екінші орын алғандар 3-орынға таласады. Қазір «Б» тобындағы командалардың бәрінде 3 ұпайдан бар. Онда Харковтың «Металлист», Бакудың «Нефтчи», Варшаваның «Полония» және Ташкенттің «Пахтакор» командалары өнер көрсетуде. Бүгін бакуліктер мен ташкенттіктер, харковтіктер мен варшавалықтар өзара шеберлік байқасады.