Caravan Logo

"Ордабасы" футболдан Қазақстан кубогын жеңіп алды

"Ордабасы" футболдан Қазақстан кубогын жеңіп алды

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Vesti.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

"Астана Аренада" өткен матчта кубокты "Ақжайық" пен "Ордабасы" командалары сарапқа салды.

11-минутта оралдықтар 2:0 есебімен алға шықты. Голды Завен Бадоян (7-минут) мен Том Табатадзе (11-минут) соқты.

"Ордабасы" 26-минутта Самат Шәмшінің күшімен бір голдың есесін қайтарды. Ал екінші таймда Всеволод Садовскийдің голы есепті теңестіруге мүмкіндік берді - 2:2.

Алайда көп ұзамай "Ақжайық" тағы екі гол соқты - Табатадзе (67) мен Илья Коваленко (73).


"Ордабасы" 76-минутта Максим Федин артта қалған есепті қысқартты - 4:3. 98-минутта Луис Гуедес шымкенттіктерді жеңілістен құтқарып қалды - 4:4.

Қосымша уақытта 119-минутта пенальтимен Елхан Астанов гол салып, "Ордабасыға" жеңіс әкелді.

Кездесу "Ордабасының" жеңісімен аяқталды. Шымкенттік клуб бұл жүлдені екінші рет жеңіп алды, енді "Ордабасы" 2023/24 маусымында еурокубоктарға қатысады.