Орденге лайықпын ба, білмеймін - Динара Сәтжанның кәсіпкер күйеуіне мәртебелі атақ берілді

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Бұл туралы кәсіпкер өзінің желідегі ресми парақшасында мәлімдеді.

"Шырайлы Астанамыздың әкімі Жеңіс Қасымбектің қолынан ел Президентінің жарлығымен Құрмет орденін лайық көріп табысталды, лайықтымын ба, емеспін пе білмеймін?!

Бірақ мен үшін үлкен абырой мен қоса үлкен жауапкершілік деп білемін…, Қазақстанымның , қоғамның әрі қарай дамуына қолымнан келгенше үлес қосуға дайынмын!", - деді ол.

Көпшілік оны бұл қуанышымен құттықтап, жылы тілектерін жаудырып жатыр.

"Барлық құрметке лайықсыз, бағыңыз еселенсін", "Алла абыройдан айырмасын!
Құтты, берекелі құрметтер болсын", "Тамаша, шын жүректен құттықтаймыз", - деп жазуда олар.