Өрескел, жабайы қылмыс - Қасым-Жомарт Тоқаев қыз алып қашу туралы

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

"Қыз алып қашу – адам ұрлау деген сөз, бұл – ұлтымыздың беделіне нұқсан келтіретін өрескел, жабайы қылмыс. Ондай қатігездікке ешқашан жол беруге болмайды. Жыл өткен сайын халықтың сана-сезімі өсіп, қоғамда азаматтық жауапкершілік деңгейі артып келеді", - деді Мемлекет басшысы.

Президент елдегі заңның бәріне бірдей екенін атап өтті.

"Заң мен тәртіп – бәріне ортақ. Еліміздің әрбір азаматы заң талаптарын бұлжытпай орындауға тиіс", - деді Президент.

Айта кетейік, бүгін Қызылордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың V отырысы өтіп жатыр.

Автор: Caravan.kz