Өріктау газ кен орнында жылына 1,5-2 млрд текше метр көгілдір отын өндіріледі - ҚМГ басшысы

"Онда 40 млрд текше метр газ және 8 млн тонна сұйық көмірсутегі бар", - деді Ұ. Қарабалин "Өріктау" кенішіндегі газ көлемі туралы журналистердің қойған сауалдарына жауап бере отырып.

"Болжам бойынша жылына 1,5 - 2 миллиард текше метр газ өндіріледі деп күтілуде", - деді ол.

Бұдан бұрын хабарланғанындай, бүгін өткен үкіметтің отырысында ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов "Өріктау" газ кенішін бір айдың ішінде ҚМГ балансына өткізуді тапсырды.