Өркен Кенжебек Ахметбек Нұрсилаға: "Дінмен күресемін деп алжып бітетін болдыңыз"

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі жазба пікір білдірді, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Кәсіпкер Ахметбек Нұрсила танымал дінтанушының "Пайғамбардың айды екіге бөлуі" туралы видеосына "Мектеп оқулықтарына енгізі керек қой мына молда баланың айтып отырған ғылыми жаңалығын!", - деп жазба қалдырды.

Ал блогер Өркен Кенжебек кәсіпкердің жазбасына былай деп пікір қалдырды:

"Имансызға ауыр тиеді, валидол ішіп алыңыз. Спортпен жасарып жүргенмен, дінмен күресемін деп алжып бітетін болдыңыз ғой, ағам-ай", - деді.