Осыған орай Caravan.kz медиа порталының тілшісі аталған қызметкерлердың хәл-ахуалі мен жағдайдың қаншалықты жасалғанын анықтап көрді.
Осы жылдың шілде айынан бастап орман және табиғи қорғау мекемелерінің қызметкерлері лауазымдық жалақыларына қарай 100 пайыз үстемақы ала бастайды.
Бұл туралы үкімет басшысы Олжас Бектенов қол қойған болатын.
113 авиациялық күзет өрт сөндіруші-десантшысының жалақысы көбейеді. Қаулыны іске асыруға 2024-2027 жылдарға арналған республикалық бюджеттен 8 480,1 млн теңге көлемінде қаржылық шығындар есептелген.
2023 жылы Орман өрт сөндіру стансаларының қызметкерлері өртке қарсы киіммен қамтамасыз етілген. Орман өрт сөндіру стансалары қызметкерлеріне өртке қарсы киім сатып алуға 918 млн теңге қаражат бөлінген.
Сондай-ақ, орман өрт сөндіруші қызметкерлерінің жалақысы 100%-ға өседі деп күтілуде.
Бұл жайлы Маңғыстау облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Сам ормандар және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі» комуналдық мемлекеттік мекемесі Орман өрт сөндіру станциясының басшысы Әбдіжәмиев Смағұл Әбділдаұлы Caravan.kz медиа порталына берген сұхбатында айтқан еді.
«Орман саласындағы қызметкерлердің жалақысы 100%-ға өсті. Ағымдағы жылы орман өрт сөндіруші қызметкерлерінің жалақысы 100%-ға өседі деп күтілуде. Жалпы айтқанда мемлекеттен қолдау жоғары», - деп пікір білдірген.
Орман өрт сөндіру басшысы сонымен қатар өрт оқиғасына басты себепті атап өтті.
«Орман өрт оқиғасына табиғаттың өзінен яғни найзағайдан қауіптілік сирек кездеседі. Өрт оқиғасының тіркелуін көбіне адами факторлардан болады, Техниканың ұшқын өшіргіші болмауынан, жанып жатқан сіріңке мен темекі тұқылын тастаудан, тұрмыстық қалдықтарды, май жағылған немесе жанғыш заттар сіңірілген шыны ыдыстарды тастау салдарынан пайда болады, соның әсерінен болып жатады. Табиғатта болған кезде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырамын. Осы орайда орманда өрт қауіпсіздігі талаптары мен санитарлық қағидаларды бұзушыларға заң аясында қандай жауапкершілік қолданатыны туралы жан-жақты түсінік береміз, түсіндіру жұмыстары арқасында нәтижесін көріп келеміз» - деді басшы.
2023 жылдың шілдесінде Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың тапсырмасын іске асыру аясында орман құрылымдары қызметкерлерінің өміріне және денсаулығына қауіп төндіретін жұмысы үшін лауазымдық жалақыларына 100% үстемеақы белгіленген еді.
Қыркүйек айында мемлеке басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев орманды сақтау бойынша, оны аялау бойынша халыққа жолдауында айтқаны баршаға мәлім.
«Қазақстанның бірегей жануарлар және өсімдіктер әлемін сақтау мәселесі әрдайым өзекті болып қала бермек. Мемлекет алдағы уақытта да кең байтақ даламызды және орманымызды өрттен қорғау үшін барлық қажетті шараны қабылдайды. Қазақстанның табиғаты өте бай және алуан түрлі. Алайда орман-тоғайлар жеріміздің 5 пайызын ғана алып жатыр. Табиғаттың әр алуандығын сақтау үшін біз орман алқаптарын көбейтуіміз қажет. Бұл міндет еліміздің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін де өте маңызды. Мен Президент болып сайланған күннен бастап осы мәселеге ерекше мән беріп келемін», - деп мемлекет басшысы жолдауында айтқан еді.