Бұл туралы Caravan.kz медиа--порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.
«Заң жобасы орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіру және құқықтық реттеудегі олқылықтарды жою мақсатында әзірленді. Заң жобасы су шаруашылығы құрылыстарын және селден, көшкіннен, қар көшкінінен қорғау құрылыстарын салу үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерін ауыстыру мәселесін регламенттеуге бағытталған», - деді депутат Бауыржан Смағұлов.
Сонымен қатар, бұл құжатта Алакөл мемлекеттік табиғи қорығының арнайы бөлінген учаскелерінде тұратын жергілікті халықтың мұқтажы үшін шөп шабу мәселелерін шешу ескерілген.