Осылайша жасы елуді еңсеріп қалған Тасан Садықов қорықшы қызметіне орналастырам деген уәдемен 100 мың теңге алған. Ештеңеден сезіктенбесе керек, алған ақшасын төс қалтасына тығып қойыпты. Қазір парақор шенеунікке қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ал, делдалдық жасады деген сыбайласы алты миллион теңгеге жуық айыппұл төлеуге міндеттелді. Айта кетсек, күні кеше ғана Тасанның туысы Ақан Садықов та парамен ұсталған болатын.