Орнына паркинг салу жоспарланған астаналық гүлзарды бұзу туралы мәселе Астананың қоғамдық экологиялық кеңесінің қарауына жіберілді

"Паркинг құрылысына байланысты Омаров көшесіндегі гүлзарды бұзу туралы мәселе Астана әкімшілігінің жанандағы қоғамдық экологиялық кеңесінің қарауына жіберіліп, бұзу тоқтатылды",- деді Мұрат Рахымбергенов.

"Қазір олар (құрылыс салушылар - "Вэн" ЖШС - Kazakhstan Today ескерт.) бізге барлық құжаттарды, соның ішінде құрылыстың қаладағы экологиялық ахуалға әсері бойынша құжат пен құрылыс аяқталғаннан кейін аумақты көгалдандыру жөніндегі жоспарды ұсынуға тиіс",- деп қосты ол.

Бұрын хабарлағанымыздай, Астанадағы Омаров көшесіндегі қалалық саябақ орналасқан жер телімі жуықта 350 көлікке арналған көп деңгейлі автопаркинг құрылысын салуға берілген болатын. Төрт деңгейлі жерасты паркингіне тапсырыс беруші "Паркинг-ГКХ" ЖШС - "Қалалық коммуналдық шаруашылықтың" еншілес кәсіпорны, ал бас құрылыс салушы - "Вэн" ЖШС болып табылады.

Құрылыстың салынуына және гүлзарды жоюға сол маңдағы үйдің тұрғындары қарсы шығып отыр, олардың мүдделерін "Құқық" қоғамдық қоры қорғауда. Астана әкімінің орынбасары Ерік Сұлтанов өз кезегінде журналистерге берген сұхбатында гүлзар аумағында өсіп тұрған ағаштарды "Optimal" арнайы көлігінің көмегімен басқа жаққа отырғызу жоспарланғандығын хабарлады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті