Өрт болған жүк пойызында бос вагондар тіркелген

Өрт 10 шаршы метр аумаққа жайылды.

Төтенше жағдайлар қызметінің ақпараты бойынша, 57 бос вагон тіркелген бұл пойыз «Жаңа Өскемен стансасы -Шар» бағытында кетіп бара жатқан. Бұдан бұрын хабарлағандай, төтенше оқиғаның салдарынан «Защита-Алматы» жолаушылар пойызы 1 сағат 35 минутқа кідіріп қалды.

Қазір өрттің шығу себебі анықталуда. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.