Өрт бүтін бір отбасының өмірін жалмады


Құтқарушылар қызыл жалынмен 15 сағаттай арпалысты. Ағаштан салынған  үй әп сәтте отқа оранып, шатыры ортасына опырылып түскен. Мамандар үйінді арасынан тек жартылай жанып кеткен 4 адамның мәйітін алып шықты. Бақилық болғандар 42 жастағы ерлі-зайыптылар мен олардың 13 және 7 жастағы қос қызы. Болжам бойынша, өрттің шығуына пештегі ақау себеп болған. Қазір өңірде үскірік аязда болғандықтан, үй иелері таңға жуық ұйқылы-ояу от салып, пештің ауызын дұрыс жаппастан қайта жатып қалса керек.