Өрт сөндіру кезінде екі ер адамның мәйіті табылды

Кеше Батыс Қазақстан облысының Озерное кентінде жекеменшік үй өртенді. Жалын шарпыған аумақ 2 шаршы метрді құрады. Өртті сөндіру кезінде 1956 жылғы ер адамның мәйіті табылды.

Орын алған төтенше жағдайды ауыздықтауға ҚР ТЖМ БҚО бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 3 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды.

Қарағандыда сол күні Успенский 85 көшесінің бойында орналасқан үй өртенді. Жалын 60 шаршы метрді шарпып өтті. Тілсіз жауды ауыздықтау кезінде 1968 жылғы ер адамның мәйіті анықталды.

Жалынды сөндіруге ҚР БҚО бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 21 адамы мен 5 техникасы жұмылдырылды.