Өрт сөндіруші Талғат Матқұловтың жанқиярлығы

Қызмет барысында бірнеше ірі өрттерді сөндіруге белсене қатысты. Ерекше ерлік пен қайсарлықты азаматтық қорғау подполковнигі Т.Матқұлов «МурАз» газ толтыру стансасында орын алған өртті сөндіру кезінде танытты.

2019 жылғы 7 маусымда «101» тетігіне «МұрАз» автогаз құю станциясында өрт орын алғандығы туралы хабарлама келіп түскен. Өрт орнына жедел кезекші азаматтық қорғау подполковнигі Т. Матқұлов жетекшілік ететін жоғарғы №3 шақыру бойынша күштер мен құралдар жіберіледі.

Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін «МурАЗ» ЖШС газ толтыру станцияның аумағында газ тасымалдауға арналған автоцистерналар жарылады.

Оқиға орнына келісімен Т. Матқұлов жағдайды бағалап жедел өрт сөндіру штабын ұйымдастыруды бұйырады. Оның тапсырмасы бойынша жеке құрам нысан қызметкерлерімен бірлесіп, қауіпсіздік техника ережелерін сақтай отырып, қайта жарылыстарды болдырмау үшін, аумақта тұрған автокөліктерді қауіпсіз жерге шығарады. Өртті сөндіру барысында сыйымдылығы 50 м3 газы бар автоцистернаның жарылуы орын алып, жарылу салдарынан сыйымдылығы 200 м3 газ толтыруға арналған жерүстіндегі газгольдер өртенеді. Қайта жарылыстардың болуына қауіп төніп, сыйымдылығы 200 м3 екінші жерүсті газгольдердің жану қатері туады. Өрт жоғары температура мен қою түтіннің бөлінуімен ұштасады. Өртті мұқият зерттей отырып, нысанның қызметкерлерінен сұрастыра келе, газгольдердің апаттық клапанын жаппаған жағдайда жарылыстардың қайталанатындығы белгілі болды. Өрт сөндіруге жұмылдырылған жеке құрам мен Тассай тұрғын алабы үшін қауіп төнді.

Қалыптасқан жағдайды бағалай отырып, азаматтық қорғау подполковнигі Т.Матқұлов жанып жатқан газгольдердің апаттық клапанын жабу туралы шешім қабылдайды.


Ол өмірін тәуекелге тіге отырып, ерлік пен батылдық танытып, клапанды жауып апаттың алдын алды. Осындай күрделі жағдайда дұрыс шешім қабылдап, өзінің кәсіби деңгейінің жоғары екенін дәлелдеді.