-5 көлік келді. Біреуінде су жоқ! Сұмдық қой, осылай ырғалып жүргенде тұтас қала жанып кетпей ма? Масқара
Өрт сөндірушілер апат орнында қызыл жалынды қызықтап қана тұр. Өйткені тілсіз жаумен күресетін басты қаруы - сулары жоқ! Құр алақан келгендіктен ғимараттың екінші қабатындағы 250 шаршы метр жер санаулы секундта күлге айналды. Сулары өздерінен кейін келген құтқарушылар дабылды «кеш қақтыңдар» деп кеңсе иесінің алқымынан алып отыр. Айтуларынша, бұл ғимарат рұқсатсыз пайдалануға беріліпті және жақын маңда су да жоқ екен. Сондықтан 50 шақты адам мен 27 техника жабылып жүріп, өртті 3 сағатта әрең өшірген.