"Төрт жақты, кейіннен екі жақты үкіметаралық келісімдерге келудің барлық әрекеттері сәтсіз аяқталғаннан кейін электр қуатының азғантай бөлігі барлық қызығушылық танытқан сатып алушылар үшін 1 кВт/сағатына 4,5 цент бағасымен өңірлік энергетикалық нарыққа шығарылды. Нәтижесінде "Электр станциялары" ААҚ мен Қазақстанның оңтүстігінің ірі тұтынушылары арасында тікелей келісім жасалды", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.