Қытайдың мұнай-газ корпорациясынан хабарлағандай, бұл энерегтикалық магистраль 1801 шақырымға созылады. Оны Қытай, Өзбекстан, Қазақстан және Түркіменстан елдері салады. Қытай мен Өзбекстан қазірдің өзінде "Asia Trans Gaz" бірлескен кәсіпорынын құрған. Ол газ құбырын жобалаумен және салумен айналысады. Әр тарап акцияның 50 пайызына иелік етеді.
Газ құбырының алғашқы бөлігі келер жылдың желтоқсан айында пайдалануға беріледі. Газ құбырының құрылысы аяқталғаннан кейін Қытайға жылына 30 млрд текше метр газ тасымалдай алады.