"Біз су-энергетикалық бірлестігін құру мәселесін қарастырдық және Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан республикалары арасында төртжақты келісімге қол қою мүмкіндігін талқыладық. Сәуірдің 29 - 30 күндері Бішкекке жиналып, соңғы шешім қабылдауды жоспарладық", - деді вице-министр.
Естеріңізге сала кетсек, ҚР президенті ресурстарды біркелкі бөлу және өзара тиімді пайдалану мақсатында 2003 жылы өңірдің барлық елдеріне су-энергетикалық бірлестігін құруды ұсынған. Алайда бұл идеяны іс жүзіне асыру қадамдары әзірге жасалған жоқ.