Орта-Азиялық ынтымақтастық елдері өзара телерадиобағдарламаларды таратуды ұйымдастыру мүмкіндіктерін қарастыруда

Кездесу барысында сондай-ақ, ұйымға мүше елдердің мемлекет басшыларының 2003-жылдың шілде айындағы саммитінде қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асыру жайы талқыланды. Бас қосуға қатысушылар Орта-Азиялық ынтымақтастық ұйымы аясында халықаралық су-энергетикалық, азық-түлік және көлік консорциумдарын құру мәселесіне де баса назар аударды. Кеңесте Орта-Азиялық ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің сыртқы істер министрлері кеңесінің кезекті отырысын 2004-жылдың ақпан айында Алматыда өткізу туралы Қазақстан жағының ұсынысы да талқыланды.