"Шанхай ынтымақтастық ұйымының мүшесі болып табылатын Қырғызстан Республикасы ұйымның аяғынан тік тұруы мен дамуына ауқымды үлес қосты және ұйым шеңберіндегі көп жақты ынтымақтастыққа белсене атсалысып келеді",- деді Ч.Дэгуан. "Шанхай ынтымақтастық ұйымы Қырғызстандағы оқиғалардың өрбу барысын алғашқы сәттен бастап жіті қадағалап отыр",- деді ол.
"Қазіргі таңда Қырғызстандағы оқиғалардың Конституция аясында өрбіп, ұлттық келісім мен бейбітшілік орнап, қоғамдық тәртіптің орнығуы айрықша маңызды",- деді ол. "Бұл - Қырғыз халқының, Қырғызстан Республикасында тұрақтылық пен бейбітшілік орнауын қалайтындардың мүддесіне сәйкеседі",- деді Ч.Дэгуан.