Н.Бөгібаевтың айтуынша, осындай орталық ашу жөніндегі ұсыныс осы жылдың 15-16-қыркүйегінде Ыстықкөлде өткен ТМД елдері бағалаушыларының халықаралық 5-конгрессі барысында ортаға салынды. Сараптама және бағалау орталығының кеңсесі Бішкекте немесе Алматыда орналаспақ.
Орталықтың жұмысы аймақтағы бағалау қызметінің сапасын арттыруға бағытталады. Сарапшы аймақтық бағалау стандарттары мен бағалаушыларға сертификаттар беруші өңірлік орган құрудың орындылығын атап өтті.
Орталық құруға қатысты ұйымдастыру жұмыстарын шешуге 1-1,5 жыл уақыт кетеді деп күтілуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті