Орталық Азия аймағының өкілдері Алматыда кеден органдарындағы жемқорлықпен күрес мәселесін талқылайды



Форум жұмысына Дүниежүзілік кеден ұйымының бас хатшысы Мишель Дане және он елдің кеден әкімшілігінің жетекшілері қатысады.

ҚР СІМ баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, саяси комиссия Дүниежүзілік кеден ұйымының негізгі органы, ол аталған ұйымға мүше мемлекеттердің даму бағдарламаларын жасап, үйлестіріп отырады. Оның құрамында 23 ел бар. Қазақстан саяси комиссия құрамына 2005 жылы кірді, ол ТМД және Балтық елдерінің кеден қызметтерінің мүддесін қорғайды.

Ченнайдағы сессия барысында халықаралық кедендік ынтымақтастықтың басты мәселелері талқыланды, атап айтқанда кедендердің институттық дамуы , сауда барысындағы ықпалдастық, контрафактылы және қарақшылық өніммен күрес, кеден саласындағы жемқорлық деңгейін төмендету, деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі.