оларды шешу үшін аймақтағы елдер өз ара түсінбестікті ұмытып, бірге жиналып, әңгімелесуге тиіс, деп мәлімдеді сәрсенбіде ЕҚЫҰ тәжік бюросының жетекшісі елші Маркус Мюллер (Markus Mueller).
"Орталық Азияның алдында тұрған проблемалардың, яғни климат өзгеруінің, жер ресурстары азуының азық-түлік және энергетикалық қауіпсіздікке ықпал етерлік әлуеті бар, ол жалпы адамның денсаулығына да әсерін тигізеді", деді М.Мюллер Душанбеде аймақтың елдердің тұрақты дамуы жөніндегі Мемлекетаралық комиссияның 2-ші кездесуінің ашылуында.
ЕҚЫҰ ұйымдастырған кездесуге қоршаған ортаны қорғау жөніндегі министрліктер мен комитеттердің жоғары лауызымды тұлғалары, Орталық Азия мемлекеттерінің азаматтық қоғамдарының өкілдері қатысып отыр. Кездесуде талқыланып отырған мәселелер-тұрақты дамудың ортақ жолдарын табу және аймақтың экологиялық проблемаларын шешу.
Сарапшылар атап өткендей, аймақтың экологиялық қаупі өршіп келеді, ал елдердің саяси билігінің бір- біріне тағып отырған кінәраты тым көп, соның салдарынан бұл проблема жабық күйінде қалып отыр.
Тұрақты даму жөніндегі Мемлекетаралық комиссия 2003 жылы Орталық Азия мемлекет басшыларының Арал теңізі проблемасын шешу жөніндегі бірлескен іс-қимылдары туралы Келісімінің аясында құрылған болатын.