Оның айтуынша, 2002-2004-жылдар аралығында жиынтық Жалпы ішкі өнімі 9,2 процентті құрап, қарқынды дамып келе жатқан аймақта Кеңестік кезеңде салынған темір жолдар, автомагистралдар, телекоммуникациялық жүйелер мен құбыр желілерін тез арада жаңалау қажет. Ол Орталық Азия елдері мен халықаралық рынок арасындағы байланысты жақсартуға септігін тигізбек.
ҚР қаржы министрінің орынбасары Айдар Әріпхановтың айтуынша, Қазақстандағы инфрақұрылымды дамытуға арналған мемлекеттік инвестицияларды күрделі қаржы және басқарушылық тәжірибесімен бөлісу арқылы жеке меншік сектор да әжептәуір толықтыра алады. Инвестиция салатын негізгі салалар қуат өндіру саласының инфрақұрылымы, әуе және темір жол трансорты, телекоммуникациялар мен су қамтамасыздығы жүйелері болмақ, деді ол.