Атап айтсақ, Семейге ҚР СІМ Қасымжомарт Тоқаев, Қыргызстан СІМ Аликбек Джекшенкулов, Өзбекстан СІМ Владимир Норов келді. Тәжікстан атынан осы елдің сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Саймумин Ятимов, Түрікменстан атынан осы елдің Қазақстандағы елшісі Мухамед Абалаков қатысады.
Сондай-ақ, құжатқа қол қою рәсіміне МАГАТЭ бас директорының орынбасары Юрий Соколов, БҰҰ-ның Азия мен Азия-Тынық мұхиты аймағындағы бейбітшілік және қару мәселелері жөніндегі орталығының директоры Цутоми Ишигури, Қазақстандағы дипломатиялық миссиялардың жетекшілері, соның ішінде Ресей елшісі Владимир Бабичев, Қытай елшісі Чжан Сиюнь, Қазақстандағы БҰҰ жүйесінің үйлестірушісі Юрико Шоджи, БҰҰ-ның бейбітшіәлік мәселелері жөніндегі Женева институтының вице-президенті Джозеф Голдблат келді.
Шараға сондай-ақ халықаралық және бейресми ұйымдардың өкілдері, соның ішінде халықаралық антиядролық "Невада-Семей" қозғалысының, "Полигон -29-тамыз" халықаралық қайырымдылық қорының өкілдері қатысады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті