"СПЕКА-ға мүшелікке енген елдердің болашағы осы мәселені дұрыс шешуге тікелей байланысты",- деді үкімет басшысының орынбасары. С.Мыңбаевтың пікірінше, "Орталық Азия елдері ғаламдық бәсекелестікке бірдей мүмкіндікпен қатыса алмай отыр". "Бұл - Орталық Азия елдерінің экономикалық әлеуеті деңгейіне, ішкі рыногының сыйымдылығына, технологиялық даму деңгейіне, геосаяси факторларға байланысты",- дейді ол.
"Субьективтік сипаттағы кейбір факторлар да бар. Біздің елдердегі экономикалық жаңартулар түрлі қарқынмен, түрлі бағытта әрі өзара үйлесімсіз жүргізіліп жатыр",- деді С.Мыңбаев.
"Орталық Азия елдерінің экономикалық даму жолындағы қиындықтар жаһанданудың қауіп-қатерлеріне сезімталдықты арттыра түсуде", дейді С.Мыңбаев. Оның пікірінше, "бұл - аймақ елдерінің бәсекелестік қабілетінің төмендігіне байланысты. Мұнайгаз қоры бар елдер ғана қолайлы мүмкіндіктерге ие",- деді вице-премьер.
"Аймақ елдері үшін маңызды мақсат - нарықтық реформаларды жүзеге асыру болмақ". "Аймақ елдерінің экономикасында құрылымдық өзгертулер жүргізу қажет. Ең бастысы, аймақтық ынтымақтастық пен интеграцияны дамытқан жөн",- дейді С.Мыңбаев. Оның пікірінше, "бір-бірінен оқшаулану мен дүдәмал бәсекелестіктің келешегі жоқ. Ол аймақ елдерінің тіптен артта қалуына апаратын жол".