Оның сөздері бойынша, 2008 жылдың басынан бері халықаралық және жергілікті баспасөздерде су энергетикалық ресурстардың мәселесі талқылануда.
"Соған қарағанда халықаралық институттар оларды қалай пайдалануды жақсы біледі. Ал біздір одан хабарсызбыз деген ұғым қалыптасуда", - деді Шынар Айтбаева.
Ол атап өткеніндей, Азия даму банкі бұл сала бойынша ұзақ мерзімді стратегиясын белгілеп қойған. Қырғызстанның су және электр қуаты Пәкістан мен Ауғанстанға, оңтүстік жаққа кету керек ", - деп атап өтті Ш. Айтбаева.
Ол айтқанындай, ақпанның басында Орталық Азиядағы су энергетикалық ресурстарын пайдалану мәселесі Тбилисиде өткен халықаралық конференцияда талқыланды, сондай-ақ Орталық Азия бойынша Еуроодақтықтың арнайы өкілі Пьер Морель мен Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының бас хатшысы Николай Бордюжа арасында өткен кездесуде де айтылды. Екі шара Қырғызстан өкілінің қатысуынсыз өткізілді", - деп ақпарат берді Ш. Айтбаева.
Сонымен қатар, 2008 жылдың қаңтар айының басында П. Морель Қырғызстанға келіп Германияның Қырғызстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Клаус Гревлихпен кездесті. Ш. Айтбаеваның айтуынша, "содан кейін Клаус Гревлих Еуроодақтың су және энергетикалық саясаты бойынша жасаған ұсынысын жеткізді: Пәкістан мен Ауғанстан -Орталық Азияда тез дамып жатқан мемлекеттердің сұранысын қанағаттандыру үшін республикадағы ресурстарды коммерцияландырып, жекешелендіру керек".
Су және энергетика мәселесінің ынталы тобы "Орталық Азия мемлекеттеріне арзан су мен шикізатты жеткізушілердің ролін атқаруға нұсқау беріліп отыр".
"Стратегиялық құжаттар көп жағдайда сараптан өткізілмей, халықаралық донорлардың айтқанымен жазылады ", - деді Ш. Айтбаева.
Ынталы топ атап өткеніндей, су энергетикалық ресурстарды бірінші кезекте қызғызстандықтар пайдалану керек, екінші кезекте стратегиялық серіктестер, сосын қалғандары.