Орталық Азия республикалары мен Ресей өкілдері көші-қон проблемасы бойынша халықаралық конференцияға қатысады

"Бұл кездесу Еуропалық Одақ қаржыландыратын Орталық Азиядағы еңбек миграциясы жөніндегі жоба аясында парламентаралық және үкіметаралық деңгейде өтеді", - деп хабарлайды комитет.

Оған Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан мен Ресейдің парламенті мен үкімет өкілдері, осы елдердің көші-қон және басқа да мүдделі мекемелерінің өкілдері қатысады.

Қырғызстанның көші-қон және еңбекпен қамту жөніндегі мемлекеттік комитетінің ақпаратына сәйкес, күн тәртібіне кең көлемді мәселелер топтамасы енгізілген. Атап айтсақ, заңсыз көші-қонмен күрес, адам саудасымен күрес, еңбек миграциясы саласында қордаланып қалған проблемаларды шешу, осы елдерде қалыптасқан еңбек нарығындағы ахуалды реттеу және тағы басқа. Қатысушылар ТМД, ЕурАзЭҚ, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы мен ШЫҰ елдерінде көші-қон саясатын келісу мүмкіндіктері, еңбеккер-мигранттар мен олардың отбасы мүшелерінің құқықтық мәртебесі туралы тұжырымдаманың жобасы жайлы талқылайды. Сондай-ақ, қаңтар айында құрылған ТМД елдерінің миграциялық органдарының кеңесінің іс-қызметіне қатысты бірқатар мәселелер де бар. Оның төрағасы болып Ресей Федерациясы Федералдық миграциялық қызметінің басшысы Константин Ромодановский, ал тең төрағасы болып Қырғызстанның көші-қон және еңбекпен қамту жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрайымы Айгуль Рысқұлова сайланды.