Орталық Азия - тәжірибе қояны емес, ол - дербес әрі ұлттық мүдделері бар мемлекеттер жиынтығы - М.Тәжин

"Кімнің мүддесі қандай деген әңгіменің маңызы екінші орында. Біз бұл жерде мемлекеттік дербес ұлттық мүддені бірінші орынға қоюымыз керек",- деді ол.

"Орталық Азияны түрлі ғаламдық және аймақтық супер ойыншылардың ойын алаңы ретінде қарау үлкен қателіктердің бірі. Орталық Азия аймағының проблемаларын теориялық тұрғыда кең ауқымда қарастыру тіптен құнды болар еді. Аталмыш аумақта нендей құбылыстар жүріп жатқанын ұғынуға мүмкіндік беретін платформа қалыптасқан",- деді М.Тәжин.
"Орталық Азияның тағдыры Вашингтонда да, Мәскеуде де айқындалмайды. Оның тағдыры Астанада, Ташкентте, Бішкекте, Душанбе мен Ашхабадта анықталады",- деп мәлімдеді ол.