Орталық Азия ынтымақтастық ұйымы үкімет басшылары кеңесінің отырысы кейінге қалдырылды

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, кеңес мәжілісі 25-наурызда Бішкекте өтеді деп межеленген болатын.

Орталық Азия ынтымақтастық ұйымы үкімет басшылары кеңесінің отырысында аймақтық ынтымақтастыққа қатысты басымдық берілген мәселелерді, соның ішінде сауда-экономикалық, су-энергетикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық мәселелері сарапқа салынады деп күтілген.
Отырыстың күн тәртібіне Орталық Азия ынтымақтастық ұйымы мен ЕурАзЭҚ арасында тәжірибелік ықпалдастық орнату мәселесі де енгізілген еді.