Орталық Азияда ядролық қарудан азат аймақ құру жөніндегі резолюцияны 128 мемлекет қолдады - ҚР СІМ

Оның айтуынша, 30-қазанда өткен дауыс беру барысында 128 мемлекет резолюцияны қолдады.

Бұдан бұрын да хабарлағынымыздай, бұл қарардың мәтінін 8-қыркүйекте Семейде Орталық Азияда ядролық қарудан азат аймақ құру жөніндегі келісімге қол қою қорытындысы бойынша БҰҰ-ның жанындағы Орталық Азия елдерінің миссиясы дайындаған болатын.

БҰҰ Бас ассамблеясының бірінші комитетінің отырысы аясында делегациялар осындай аймақтың құрылуы ғаламдық қауіпсіздікті нығайту саласындағы айрықша маңызды жетістік деп атап өтті.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті