Бұл - АҚШ-тың халықаралық даму жөніндегі ЮСАИД агенттігі қаржыландырып отырған ВИЧ/СПИД-ке қатысты алғашқы жобасы. Бес жылға есептелген бағдарламаны жүзеге асыруға агенттік 13 млн. доллар бөлді.
Жоба аясында ВИЧ/СПИД-тің алдын алу, тәуекел топтарға ерікті ақыл-кеңестер беру және тестілеу бағытындағы жұмыстарды күшейту көзделген. Сонымен бірге инемен есірткі тұтынушы нашақорлар, жезөкшелер мен жастар тәрізді маңызды мақсатты топтарға баса назар аудару межеленген. Қазір жастар, мерзімді әскер қатарына шақырылатын әскерилер, абақтыларда жазасын өтеушілер, мектептен және отбасынан тысқары өсіп-өнуші жастар сынды ақырғы топты айқындау жұмыстары жүргізілуде. "Бұл айрықша ауқымды топ және қазір біз оны айқындап жатырмыз",- деді Л.Ходакевич.
Сонымен бірге бағдарлама авторлары аймақтағы денсаулық сақтау саласын реформалау аясында ВИЧ/СПИД-тің алдын алуға бағытталған шараларды қарқынды қолданысқа енгізу үлгісін жасамақшы.
Қазіргі жағдаймен Оратлық Азия аймағында ВИЧ індетін жұқтырған 90 мың адам бар. "Қазір бұл індет халықтың белгілі бір тобының арасында кеңінен таралып отыр. Ал болашақта оның қалай өрбитінін айту қиын",- дейді Л.Ходакевич.