Орталық Азиядағы ең көне түрме - атышулы "Таштүрме" қиратылады

Бұған дейін хабарланғандай, Ташкенттің Юнусабад ауданында орналасқан «Таштүрмедегі» сотталушылар Ташкент облысының Зеңгіата ауданындағы жаңа түзеу мекемесіне ауыстырылған. Соңғы уақытта №1 түзету мекемесінде 2,5 мың адам отырған. Жаңа түзету мекемесіне қанша адам отыратыны әзірге белгісіз.

Ташкент облысындағы жаңа тергеу абақтысы тоғыз блоктан тұратын жұлдыз іспеттес кешен.

Өзбекстанда 52 түзету мекемесі бар. Осы уақытқа дейін «Таштүрме» Орталық Азиядағы ең көне түрме саналып келген. №1 тергеу абақтысының ғиамараты патшалық Ресейдің генерал-губернаторы шығарған 1891 жылғы қаулысымен салынған.

 

Ұқсас тақырыптар:

Петропавлдағы әйелдер колониясында арулар байқауы өтті
Маңғыстау облысында жазасын өтеушілер жеке кәсіптерін ашты
Астанада түрмеден аса қауіпті қылмыскер қашып кетті