"Бұл идея қас-қағым сәттегі саяси ұпайды көздемейді. Елдердің егемендігіне қысым көрсетуді мұрат тұтпайды. Ол - осы өңірдің ұзақ мерзімді мүддесіне сай өзара интеграцияны дамытуды қарастыратын экономикалық жоба",- деді Қ.Тоқаев.
"Сауда-экономикалық өзара ынтымақтастықты дамыту - аймақта тұрақтылық пен қауіпсіздікті табысты қамтамасыз етудің кепілдігі болып табылады",- деді министр. "Орталық Азия аймағындағы көшбасшы ел ретінде экономикалық ынтымақтастық пен аймақтық интеграциялануға балама жоқ дегенге кәміл сенеміз",- деді Қ.Тоқаев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті