"Бұл тек қана экономикалық одақ емес. Бірлестіктің мақсаты - осы өңірде тұрақтылықты қамтамасыз ету, халықаралық лаңкестікпен және заңсыз есірткі айналымымен күрес саласында күш біріктіру болып табылады",- деді Н.Әбіқаев.
Сенат төрағасының пікірінше, "бұл бірлестік өз қатысушыларына үлкен экономикалық пайда әкеледі". Сонымен бірге "бірлестік екі одақтың ортақ мәселені шешуде бір-бірін қайталамауын қамтамасыз етеді",- деді сенат жеткшісі.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, кеше, 6-қазанда Санкт -Петербург қаласында Орталық Азиялық ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің мемлекет басшыларының кеңесі отырысында Орталық Азиялық ынтымақтастық ұйымы мен ЕурАзЭҚ-ты өзара біріктіру туралы шешім қабылданды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті