Орталық Азиялық ынтымақтастық ұйымы мен ЕурАзЭҚ өзара бірікті



Орталық Азиялық ынтымақтастық ұйымын ЕурАзЭҚ-қа интеграциялау үшін арнаулы жұмыс тобы құрылды. Интеграциялану процессі аяқталғанға дейін Орталық Азиялық ынтымақтастық ұйымына Тәжікстан президенті төрағалық жасай береді.
Сондай-ақ бұл саммитте Өзбекстан ЕурАзЭҚ ұйымына мүшелікке өтуге ниет білдіріп, бұл өтініш қабылданды.
РФ президентінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, саммитке қатысушылар ЕурАзЭҚ мүшесі болып табылатын Беларусь президентімен байланысқа шықты. Александр Лукашенко екі ұйымды біріктіру туралы шешімді толық құптады.
Орталық Азиялық ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің мемлекет басшыларының кеңесі отырысына Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев, РФ президенті Владимир Путин, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонов, Өзбекстан президенті Ислам Кәрімов пен Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиев қатысты.

i>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті