"Мен Орталық Азияның тағдыры Астанада, Бішкекте, Ашхабадта, Ташкентте шешілуге тиіс дегенге сенімдімін",- деді М.Тәжин бүгін Алматыда ҮІ Еуразиялық медиа-форумда сөйлеген сөзінде.
Сонымен бірге ҚР СІМ-нің пайымдауынша, "өңірдегі басты проблема - Ауғанстан болмақ". "Орталық Азия мен Кавказ проблемаларын Ауғанстан проблемасынан бөліп қарау қисынға келмейді",- деді ол.
"Бұл проблеманы шешуге қатысты дұрыс көзқарас Орталық Азиядағы көптеген мәселелерді шешуге мүмкіндік береді", деді министр. Оның пайымдауынша, "тартымды жобаларды, соның ішінде жеке бизнес үшін де, осы өңірде жапсарлас жатқан елдер үшін де тартымды жобаларды іздеу керек".
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті