"Біз әрине, стратегияның тез арада қабылдануын қалаймыз, бірақ бұл барлық тараптардың бірдей сезінуін талап ететін құжат, осы негізде ол қабылдануға немесе толықтырылуға тиіс. Оны қабылдауға біздің қаншалықты дайын екендігімізді тұрақты даму жөніндегі мемлекетаралық комиссиясының 23-25-маусымда Бішкекте өтетін таяудағы отырысы көрсетіп береді, онда осы стратегияға байланысты бұдан былайғы қадамдар бойынша принциптік шешімдер қабылданады", - деді Д. Бузлуков.
Сонымен бірге ол бұл стратегия "Өңір мемлекет басшылары 1997 жылы қол қойған Алматы декларациясының негізінде қабылданғанын, ондағы бір бөлімде тұрақты даму жөніндегі ұлттық стратегиялардың жобасы мен тұрақты дамудың жалпыөңірлік көзқарастарын дәйектеу қарастырылғанын" атап өтті.
"Содан бері 11 жыл өткенде ғана осынау жалпы аймақтық стратегияны дайындау, талқылау және нәтижесінде оны қабылдауға алғышарттар пайда болды. Біз бұл стратегияның тұжырымдамасын тұрақты даму жөніндегі мемлекетаралық комиссиясының кезекті отырысына шығарамыз, бұдан кейін оны барлық елдерде келісу процедуралары қабылданып, сосын ол тікелей келісіліп, стратегия қандай деңгейде жүзеге асырылатындығы жөнінде шешім қабылданады", -деді комиссия өкілі.
"Ол әлі дайын емес, қазір дайындалу үстінде, бірақ барлық елдерде жұртшылық стратегия жобасын талқылады, қазір ол өңір елдерінде айтылған ұсыныстар мен ескертулердің негізінде толықтырылуда, ескертулер әлі де келіп түсуде", -деді ол. Оның айтуынша, стратегияда "әлеуметтік -экономикалық даму мәселелері экологиялық тұрақтылық тұрғысынан" қаралады.