"Орталық Азия-Орталық" бағдарламасы аясында инвестицияға алғы шарт болатын жобаларды жасау жөніндегі келісімге қол қойылды

Келісімге сәйкес Түрікменстан, Өзбекстан және Қазақстан аумағында "Орталық Азия-Орталық" газ тасымалдау жүйесінің қуатын жылына 90 млрд. текше метрге дейін жеткізуге және Ресей аумағындағы "Александров Гай" компрессорлық станциясынан Украина шекарасына дейін газ тасымалдау жүйесін іске қосуға салынатын инвестицияның негіздемесінің жобасы жасалады.