Орталық мемлекеттік мекемелерде статс-хатшы деген лауазым енгізіледі

"Орталық мемлекеттік мекемелерде мемлекет басшысы тағайындайтын жоғары әкімшілік статс-хатшы атты лауазым енгізіледі",- деді Н.Назарбаев. Президенттің пікірінше, "бұл аппараттың жұмысындағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге тиіс".

Мемлекет басшысының атап көрсетуінше, "статс хатшы мемлекеттік мекемелердің барлық ішкі істерін басқарады, бұл жоғары басшылықтың стратегиялық мәселелер мен саясатқа назар шоғырландыруына жол ашады".

"Министрліктердің басшыларын тағайындағаннан кейін мемлекеттік қызметкерлерге қатысты басталатын апыр-топыр ауыс-түйіске тыйым салынады",- деді Н.Назарбаев.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті