Орталық сайлау комиссиясы "Ақ жол" демократиялық партиясынан мәжіліс депутаттығынан үміткерлердің партиялық тізімін тіркеді

"Ақ жол" партиясының партиялық тізімінде 13 адам бар. Тізім басында партияның тең төрағасы Әлихан Бәйменов тұр. Сондай-ақ, тізімге саяси бірлестіктің тең төрағасы, ҚР ақпарат министрі Алтынбек Сәрсенбаев, партия төралқасының мүшесі Төлеген Жүкеев, "Құс жолы" қоғамдық қайырымдылық қорының президенті Дәулет Сембаев және басқа да адамдар енген.

Сондай-ақ, партия бір мандатты округтер бойынша 40 үміткер ұсынып, 25 тәуелсіз кандидатты қолдамақшы.