"Кеңес консультативтік-кеңес органы болып табылады, оның құрамына ОСК өкілдері, Мәдениет және ақпарат министрлігі, журналистік бірлестіктер, БАҚ басшылары, саяси партиялардың Орталық сайлау укомиссиясындағы өкілдері енеді", - деді ОСК төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов.
"Кеңестің басты мақсаты - сайлау науқаны барысында сайлау заңнамасы мен Конституция нормаларын бұзуға қатысты ақпараттық дауларды алқа түрінде қарау", - деді ол.
Кеңес төрайымы болып ОСК мүшесі Ләззат Сулеймен сайланды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті