Орталық сайлау комиссиясы "Ауыл" партиясының депутаттықтан үміткерлерден құралған партиялық тізімін тіркеді

Тіркеу рәсімінен кейінгі баспасөз мәслихатында партия жетекшісі Ғани Қалиев "Ауыл" партиясы тізім бойынша 13 кандидаттың атын ұсынғанын еске салды. Тізім басында партия жетекшісі тұр.

Ал бір мандатты округтер бойынша "Ауыл" партиясы 11 адамды додаға қатыстырмақшы. Ғ.Қалиев "толыққанды парламенттік фракция құру үшін" үшінші шақырылатын парламентте 10 орынды иемденуге партияның шамасы жетеді дегенге сенім білдірді.